Меню KDT

logo.jpg?_=1699240459


КГУ "Златогорская СШ"
  • kz
  • ru
  • en
  • Уважаемые родители. В КГУ "Златогорская средняя школа" ведётся набор в первый класс, с русским и казахским языком обучения. Приём документов осуществляется через платформу Sitsen.kz с 1.04 по 31.08.2024г. 
    Перечень необходимых  документов:
    2 фото 3*4
    Копия свидетельства о рождении
    Мед.справка форма 075
    Медицинский паспорт
    Удостверение одного из родителей.

    Тәуелсіз Қазақстан.

    Мақсаты: оқушыларға Тәуелсіздік туралы түсіндіру. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан ұл – қыздардың ерліктері жайлы түсінік беру.Еліміздің рәміздеріне, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

    Көрнекілігі : интерактивті тақта ( слайд), бүктеме (желтоқсан құрбандарының суреттері),Елбасының суреті,рәміздер суреттері.

     ҚР-ның Әнұраны  орындалады.

      Мұғалім: Қош келдіңдер, қадірлі ата-аналар, оқушылар, ұстаздар!Бүгінгі тәрбие сағатын Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 26 жыл толуына арнаймыз.


     

          Солтүстік Қазақстан облысы

          Айыртау ауданы

          Златогорка орта мектебі

          Касымова А.О.

     

      Тәуелсіз  Қазақстан.

    Мақсаты: оқушыларға Тәуелсіздік туралы түсіндіру. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан ұл – қыздардың ерліктері жайлы түсінік беру.Еліміздің рәміздеріне, өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

    Көрнекілігі : интерактивті тақта ( слайд), бүктеме (желтоқсан құрбандарының суреттері),Елбасының суреті,рәміздер суреттері.

     ҚР-ның Әнұраны  орындалады.

      Мұғалім: Қош келдіңдер, қадірлі ата-аналар, оқушылар, ұстаздар!Бүгінгі тәрбие сағатын Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 26 жыл толуына арнаймыз.

    Он алтыншы желтоқсан-

    Тәуелсіздік алған күн.

    Ерекше боп мәңгілік,

    Ел жадында қалған күн.

    Жасай берсін ұлы күн,

    Үміті боп елінің!

    Желбіресін көк туы,

    Нағыз көркі жерімнің!

    • жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы- мәңгілік тарих. Біз Желтоқсан оқиғасын ешқашан есімізден шығармаймыз. Өйткені Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ.

    Желтоқсан- заман, толғағы байтақ даланың,

    Шарпысқан сәті үміт пен күдік ,наланың.

    Желтоқсан – Қайрат, Ләззат пенен Сәбира

    Құрбаны болған жаланың!

     Мұғалім: 1986 жыл, желтоқсан. Алматыда өрімдей қазақ жастары көтеріліске шықты.Өз ұлтын сүю- ұлтшылдық емес, ұлтжандылық.Біз бәріміз де өз елімізді сүйеміз, өз  ұлтымыздың перзентіміз. Бұл- демократиялық қозғалыс болды.Желтоқсан көтерілісіне шыққан жастардың ерлігі, өжеттігі басым еді. Сын сағаттарда тайсалмай ортаға шығып, өздерінің талап- тілектерін айту ол кезде оңай болған жоқ. Желтоқсан оқиғасына уақыт пен тарихтың өзі оң бағасын берді. Қайрат Рысқұлбековке Халық қаһарманы атағын берілді.Көтеріліске шыққан басқа ерлердің атында көшелер мен мектептер бар.Елі олардың ерліктерін ешқашан естен шығармайды. Бүгінгі ұрпақ ерлерін еске алып, рухына бас иеді.

    Бейнетаспа көру: «Тәуелсіздік шежіресі»

      1-жүргізуші: Тәуелсіздік деген- әр халықтың, әр мемлекеттің ең зор бақыты мен асыл арманы.

      2- жүргізуші: Тәуелсіздік деген- қазақтың жолын ашар шамшырағы. Қазақтың болашағы мен қуанышы. Барлығы да осы тәуелсіздік пен елдікте жатыр.

     1-жүргізуші: 1991 жылы 16- желтоқсанда Мемлекеттік  тәуелсіздігін жарияланды.

     2-жүргізуші: Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан деп аталамыз.

     1992 жылы Мемлекеттік рәміздер қабылданды.

    С.Қалиұлы: «Елтаңбасы елімнің»

    Елтаңбасы елімнің ,

    Неткен әйбат, әдемі!

    Тұнығындай көңілдің,

    Ортада – аспан әлемі.

    Құт, береке – шаңырақ,

    Орын алған  ол төрден.

    Қанатты рағымақ,

    Екі жақтан көмкерген.

    Тәуелсіздік жолында,

    Талай- талай тер тамған ...

    Билігім өз қолымда,

    Еркіндігім – Елтаңбам.

     

    «Қазақстан жалауы»

    Көк аспандай көкпеңбек

    Қазақстан жалауы.

    Көк емес ол тектен – тек-

    Елдің ашық қабағы.

    Ақ ниеті – алтын күн,

    Асқақ арман – қыраны.

    Жалауы бұл- халқымның,

    Мәртебесі, мақтаны.

     

    Әнұраным- жанұраным,

    Айтар әнім- сөйлер сөзім,

    Туған жерім – сағынарым.

    Мәңгі –бақи шырқалады,

    Мемлекеттік Әнұраным!

     

    Ән: «Мәңгі жаса, Отаным!»

    Сұрақ –жауап:

    • Тәуелсіздікті қай жылы алдық?
    • Тәуелсіздікті 1991 жылы16 желтоқсанда алдық.
    • Биыл тәуелсіздікке неше жыл болады?
    • Биыл тәуелсіздікке 26 жыл.
    • Тәуелсіз Қазақстан Республикамыздың алғашқы Президенті кім?
    • Алғашқы Президентіміз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
    • ҚР-ның рәміздері қай жылы қабылданды?
    • ҚР-ның рәміздері 1992 жылы 4- маусымда қабылданды.
    • Ата Заң қай жылы қабылданды?
    • Ата заң (1993)1995 жылы қабылданды.
    • Төл теңгеміз қай жылы қабылданды?
    • Төл теңгеміз 1993 жылы 15-қарашада қабылданды.

    Бейнетаспа: « Қазақстан жалауы»

    • Жүргізуші:

    - Біз үшін тәуелсіздік деген не?(Постер құру,қорғау)

    - Дастарқанда нан болса.

    - Еркін өмір сүру.

    - Қалаған жұмысыңды атқару.

    - Ана тілінде сөйлеу.

    - Бақытты отбасында өмір сүру.

    Ән: «Желтоқсан желі»

    Он алтыншы желтоқсан,

    Ел мерейі тасыған.

    Қазақ деген қалың жұрт,

    Бәрін кештің басыңнан.

    Естісін ел үніңді,

    Дүние түгел естісін,

    Тәуелсіздік туыңды,

    Биікке көтер, жас ұлан!

       Бүгін біз желтоқсан оқиғасын және құрбандарын еске алдық.Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді болып дүние жүзіне танылуда.Біздің Отанымыз- егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті.Тәуелсіздік үшін жандарын берген батырларымыздың рухына тағзым етіп, ерліктерін бағалай білу- біздің борышымыз.

     

    Мәңгілік болсын, баянды болсын,

    26 жылғы ғұмырың!

    Құтты болсын, мықты болсын,

    Тәуелсіздік тұғырың!

    Ән: «Жаса, Қазақстан!»

     

     

     

     

    09.02.2018
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Директор школы Газиз Роза

    Заместитель директора по ВР Кельш Людмила Николевна

    Тәрбие ісінің меңгерушісі Насив Лаура

    Заместитель директора по УВР Көкейхан Зина

    Заместитель директора по УВР /РО/ Оберцейслер Валентина Николаевна

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки